Қазақстаннан көлік сатып алатын ресейліктер көбейді
Биыл наурыз айында көлік сату орталықтарында тұтынушылар саны көбейген, – деп хабарлайды 24.kz.
Ресейліктердің көлік іздеп, солтүстік өңірлерге көптеп келуіне бірнеше себеп бар. Өйткені Ресейде шетелдік машина құрастыратын бірнеше зауыт жұмысын тоқтатқан. Дайын көлік жеткізілмейді. Ал Қазақстанда жасалған көліктер бұрынғы бағада сатылып жатыр. Ең арзаны – 5 млн 700 мың теңге.
Ресейліктерден көлік таңдау үшін автосалондарға сұраныс көбейген.
Дилерлік көлік орталығының сату жөніндегі директоры Евгений Бибер: «Ресей азаматтары бізден бұрын да көліктер сатып алатын. Негізінен, люкс санатындағы қымбатын таңдайтын. Ал енді ең арзанына сұраныс көбейді. Отандық машина құрастыру зауыттары бағаны осы қалпында ұзақ ұстап тұра алмайды», – дейді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу