Қазақстанға Грузиядан келетін көлік көбейді
24.kz хабарлағандай, Қазақстан тұрғындары Грузиядан көлік сатып алудан алдына жан салмай тұр. Бізден кейінгі орынға Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары жайғасқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
«Орта Азия елдеріне көлікті көптеп сатып жатырмыз. Оның көбін Қазақстан азаматтары алады. Былтырмен салыстырғанда кері экспорт мөлшері бес есе өсті. Бұрын Орта Азияға айына 200-ден аса машина сататын едік, қазір бұл көрсеткіш 1500-ге жетті. Биыл „Руставиде“ көлік саны 33 %-ға өсті. Бұған сұраныстың артуы себеп болып отыр», — дейді автобазардың маркетинг және жарнама жөніндегі директоры Стелла Камандарова.
Жерлестеріміз биыл Грузиядан 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 270 %-ға көп машина сатып алыпты. Бұл кейінгі он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Грузия биыл автокөлік экспортынан 590 млн доллар табыс тапты.
Грузиядан көлік әкелгенде көңіл бөлетін мәселелер жайлы Kolesa.kz видеосюжет жасаған