Қазақстанда жылдамдықты асыруға қатысты айыппұлдар өзгеруі мүмкін

Әділет министрлігі жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар үшін жаңа айыппұлдар енгізуді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ашық НҚА" сайтында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жарияланған. Жоба жылдамдықты арттыру және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері үшін айыппұлдарды өзгертуді қарастырады.

"Бекітілген қозғалыс жылдамдығын сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін асыру 20 АЕК (69 000 теңге), сағатына 80 және одан да көп шақырым - 40 АЕК (138 000 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде жылдамдықты сағатына 80 шақырым және одан да көп қайталап асырғаны үшін – 60 АЕК (207 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, жобаға 596-бапта жаңа тармақ енгізілді, оған сәйкес көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және өзге де құрылыстарға немесе өзге де мүлікке зақым келтірген, материалдық залал келтірген қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жүргізуші 9 айға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ, заң жобасының авторлары қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айырудың орнына 30 АЕК (103 500 теңге) көлемінде айыппұл салуды ұсынған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста