Қазақстанда 18, 19 және 20-аймақ нөмірі беріледі

Жақында елде үш жаңа облыс құрылады. Бұл өзгерістің жүргізушілерге де қатысы бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі жолдауында мәлімдеді.

 

Абай облысының әкімшілік орталығы — Семей (Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шығады), Ұлытаудың орталығы — Жезқазған (Қарағанды облысынан бөлінеді), Жетісу облысының орталығы Талдықорған болады. Ал Алматы облысы Қапшағайдан басқарылады. Қала жақында Қонаев деп аталуы мүмкін. Мемлекет басшысы бұған қарсы болмайтынын айтты.

 

Демек биыл (жылдың алғашқы жартысында) Қазақстанда жаңа үш өңірдің сандық белгісі бар мемлекеттік нөмір беріле бастайды. Болжам бойынша олар «18», «19» және «20» болуы мүмкін. Жаңа нөмір жаңадан тіркелген машиналарға беріледі. Ал бұған дейін тіркелген көліктер бұрынғысымен жүре береді.

 

Жаңа облыстар нақты қашан құрылатыны 18 наурызда өтетін үкіметтің кезектен тыс отырысында белгілі болуы мүмкін.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста