Қандай көліктер утиль алымынан босатылатыны белгілі болды

Заңдастырылған көліктер 1 қаңтардан бастап утиль алымынан босатылады. Сол уақытқа дейін Экология министрлігі тиісті құжаттарға түзету енгізеді, деп хабарлайды Алаш айнасы kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.


ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 16 қарашада утилизациялық алым төленетін тауарлар тізімін жариялады. Құжат 2023 жылы қаңтардың ортасында күшіне енеді. Бірақ онда президент заңдастыруды тапсырған шетелде тіркелген машиналардың бұл алымнан босатылатыны жазылмапты.

31 қазанда утиль алымы мен алғашқы тіркеу сомасының орнына 200 мың теңге мөлшерінде бір реттік төлем алынатыны белгілі болды. Бұл шешім Салық кодексіне өзгеріс енгізу жобасында жарияланған.

Kolesa.kz редакциясына Экология министрлігі түсіндіргендей, дайындалып жатқан құжат алдағы бірнеше жыл бойы қолданылатындықтан, тауарлар тізімін өзгертуге болмайды. Ал шетелде тіркелген машинаны заңдастыру жұмысы уақытша мәселе, оған жеке түзету жазылады. Қолда бар ақпаратқа сенсек, заңдастырылған көліктер 2023 жылы 1 қаңтардан бастап утиль алымынан босатылады.

Бұған дейін ІІМ қандай көлікті заңдастыруға болады, мұндай машинаны кейін сатуға бола ма, деген сұрақтарға жауап берген еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста