Omoda C5 ЕЭО нарығына шығу үшін құжат алды

Omoda C5 ЕЭО нарығына шығу үшін құжат алды

Росстандарт базасында Omoda C5 кроссоверіне арналған көлік құралының типін мақұлдау құжатын жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Онда машина Ресейде бір ғана күштік құрылыммен (147 ат күші мен 210 Нм момент беретін 1.5 литрлік турбомотор) шығатыны жазылған. Агрегат вариатормен жұмыс істейді. Көлік алдыңғы жетекті. АИ-92 маркалы бензин құюға болады.

 

 

Бағасы мен комплектациясы туралы ақпарат жоқ. Бірақ көлікте климат-бақылау, кілтсіз ашу жүйесі, жүксалғыш есігінің электр жетегі, электронды көмекшілердің толық жинағы, люк, сондай-ақ орындық және рөл жылытқыш сияқты опциялар болады.

 

 

Omoda C5 Ресейде биыл күз аяғында сатыла бастайды. Осы модельден кейін бренд топтамасы тағы бір кроссовер және седанмен толығады. Болашақта Қазақстанда да Omoda автосалондары ашылуы мүмкін.

 

 

Omoda қытайлық Chery концернінің жаңа суббренді, оның Ресей нарығына шығатыны маусымда белгілі болды. C5 моделі өз отанында Chery Omoda 5 деген атпен танымал. Марка жол талғамайтын көліктің прототипін 2021 жылы күзде Гуанчжоу автосалонында таныстырған, ал өндірісі биыл жыл басында басталды. Omoda 5 Қытайда 1.6 литрлік турбомотормен және гибрид нұсқада сатылады. Сондай-ақ толық жетекті түрін таңдауға мүмкіндік бар.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста