Наурыздағы автонарық: Hyundai бірінші орынға шықты

Наурыздағы автонарық: Hyundai бірінші орынға шықты

Биыл наурызда елдегі ресми автосалондар 13 007 жеңіл машина мен жеңіл коммерциялық техника сатты, одан бөлек 686 жүк көлігі, арнайы техника және автобус саудалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) бұл 2022 жылғы наурыздағы көрсеткіштен 27.8 % жоғары екенін хабарлады. Биыл алғашқы тоқсанда 37 283 автомобиль өтіп, былтырғы ұқсас мезгілмен (22 370) салыстырғанда 66.7 % өсім көрсетті.

 

Наурызда көш басына Chevrolet емес, Hyundai шықты. Кореялық марка басты бәсекелесінен 241 көлік көп сатты: Hyundai — 3757, «шеви» — 3516. Екі марка саудасы былтырғы наурызбен салыстырғанда сәйкесінше 16.3 және 103.4 % өсті. Ал 2038 машинасы (+60.6 %) өткен Kia үшінші орынға жайғасты.

 

 

Үздік бестікке Chery мен Toyota енді. Қытай маркасының 712 машинасы иесін тапса, жапондар 590 көлік сатты. Сәуірде Toyota бұдан жақсы нәтиже көрсетуі мүмкін, өйткені Camry топтамаға оралды, седан біздің елге тікелей Жапониядан келіп жатыр.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста