«Москвич» қана емес, «Победа» мен «Волга» да қайта жаңғырады

«Москвич» қана емес, «Победа» мен «Волга» да қайта жаңғырады

Соғысқа дейін шетелде әзірленген және батыс өндірушілерімен бірлескен автоөндіріс құрдымға кеткен соң Ресей экономикасы үшін маңызы зор осы саладағы басшылардың жоспары көбейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ оның барлығы қазірше ірі шенділердің «бәрі жақсы болады» деген сөзі деңгейінде қалып отыр.

 

Өткен аптада РБК басылымына сұхбат берген Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров Ресейде баяғы «Волга» мен «Победа» қайта шығуы мүмкін екенін айтты.

 

«Автоөнеркәсіп жоспары жайлы аздап мәлімет берейін. Бұрынғы Renault зауытында (оған дейін АЗЛК болған) «Москвич» шығарғалы отырғанымыз жасырын емес. Енді «Волга» мен «Победаның» бірін немесе екеуін де қайта жаңғырту жоспарда бар», — деді министр. Бірақ уақытын айтқан жоқ.

 

«Волганы» қайта шығару мүмкін бе? Идея тіпті аз шығынмен жүзеге асатындай көрінеді. 1950 жылдардың аяғында «Волганың» ГАЗ-21, ГАЗ-24, ГАЗ-3102, ГАЗ-3110 модельдері жасалды. Бірақ Горький зауытының соңғы седаны, 2008-2010 жылдар аралығында жарық көрген Volga Siber (фотода) америкалық екінші буындағы Chrysler Sebring (2000-2006) секілді болып шықты.

 

Басқаша айтқанда, ұқсас класты машинаның (мысалы, Қытай көліктері) эмблемасын өзгертіп жасай беруге ештеңе кедергі емес. Өйткені көп адам үлкен, әдемі, жайлы және қолжетімді көлік мінгісі келеді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста