Михаэль Шумахер мінген Ferrari F2001b аукционға шығады

Михаэль Шумахер мінген Ferrari F2001b аукционға шығады

Sotheby’s Михаэль Шумахер тізгіндеген кезекті болидті жабық аукционда сатады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шассиді 2002 жылғы маусымға Ferrari командасы дайындаған. Темір тұлпармен спортшы үш жарысқа қатысып, екеуінде жеңіспен оралған.

 

 

Спортшы маусымды F2001b индексті көлікпен ашты. Аустралияда жеңіс тұғырынан көрінген, ал Малайзияда үшінші орынды қанағат тұтты. Дегенмен бұл жарыс көрерменге ерекше әсер сыйлады. Жолды поул-позициядан бастаған Шумахер Хуан Пабло Монтойяның көлігіне соғылды.

 

Антиқанат зақымданып, спортшы кезекті пит-стопқа кетуге мәжбүр болды. Элементті ауыстырған Шумахер жарыс жолына 21-інші болып қайта қосылды. Соған қарамастан ол қарсыластарын басып озып, подиумға жетті. Алайда Монтойяға сол күйі жете алмады.

 

 

Ferrari F2001b-ге минутына 17 300 рет айналатын және 825 ат күшін беретін үш литрлік атмосфералы V10 орнатқан. Аукцион өкілдері сатылымға қойған шасси агрегатпен жабдықталған ба, жоқ па, нақтыламады. Көбіне Формула-1 болидтерін моторсыз сатады. Көліктің түпнұсқа ливреясы бар аэродинамикалық тіреуіші, басқару органдары мен басқа бөліктері сақталыпты.

 

 

Кей мәлімет бойынша болид жаңа иесіне 10 млн долларға сатылады. Шумахер тізігіндеген Формула-1 көліктерінің құны өсіп келеді. Бұл жолы «Қызыл баронға» жеңіс әкелген машина сатылады. Былтыр күзде спортшының әлдеқайда атақты темір тұлпары аукционда 15 миллионға өтті.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста