Министрлік армян көліктерін тіркеу туралы айтты

Министрлік армян көліктерін тіркеу туралы айтты

Елімізде Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу және оларды аталған елден шығару мәселесі қалай шешіліп жатыр. Толығырақ Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Елге әкелінген армян көліктеріне қатысты бірқатар сұрақ туындап жатыр. Соңғы 2-3 жыл ішінде аталған елдің біраз көлігі уақытша тіркелді. Армян автокөліктерін заңдастыру қаралып, мәселе толығымен шешіледі. Арменияның Ішкі істер министрлігімен көліктерді тіркеуден шығару бойынша бірлескен іс-шара өткізілуде. Сырттан бөлшектеніп жеткізіліп, елде құрастырылған көліктерге қатысты мәселе де қарастырылып жатыр. Бастысы көлік иесі тиісті құжаттарды өткізсе болғаны. Ушығатындай мәселе жоқ», - деді Қайсар Сұлтанбаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

 

Бұған дейін ҚР ІІМ мен Сыртқы істер министрлігі сары нөмірлі көліктерді Армения тіркеуінен қашықтан шығарудың жолдарын қарастырып жатқаны айтылған еді.

 

Айта кетсек, бүгін Ішкі істер министрлігінде шетелдік көліктерді елімізде заңдастыру мәселесіне арналған брифинг өтті. Оның барысында сырттан әкелінген көліктерді заңдастыру үшін қандай құжаттар керектігі айтылды.

 

Сондай-ақ шетелдік көлікті заңдастыру қанша тұратыны белгілі болды.

 

Одан бөлек министрліктен шетелдік көліктер Интерпол және ТМД елдерінің базасы арқылы тексерілетіні хабарланды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста