Mercedes-Benz EQS-тың салонын көрсетті

Көліктің ресми тұсаукесері 19 сәуірде өтеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бір айдан кейін Mercedes-Benz электромобильдерінің модельдік топтамасы тағы бір EQS-пен толығады. Индексі ұқсас сериялы лифтбектен кейін атауында SUV тіркемесі бар кроссовер шығады.

 

 

 

Электрлі GLS-тың сырт пішіні әлі көрсетілген жоқ, бірақ немістер салонның суретін жариялады. Интерьерінің алдыңғы жағы EQS лифтбегіне ұқсайды.

 

Алдыңғы панельде үш дисплейден тұратын MBUX Hyperscreen гиперэкраны қойылады. Оның біріншісі — аспаптар панелі (12.3 дюйм). 17.7 дюймдік екінші экран ортасына, ал 12.3 дюймдік үшіншісі жолаушының алдына орнатылған. Соңғысынан көлік жүріп келе жатқанда фильм көруге болады. Борт электроникасы мұндай кезде жүргізушінің экранға назар аудармауын қадағалайды, қажет болса дисплейді күңгірт күйге келтіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үшінші қатар орындықтары опция ретінде ұсынылады. Жабдықтар тізімінде екінші қатардағы электрлі реттелетін орындықтар, төрт аймақты климат бақылау және панорамалы шатыр бар.

 

Техникалық жағы туралы мәлімет жарияланған жоқ. Бірақ оның MEA платформасына негізделетінін білеміз. Күштік құрылымының қуаты да бірдей болуы мүмкін. Демек базалық нұсқадағы машина артқы жетекті болады және 334 ат күшіне ие электромотормен қозғалады, ал қымбатырақ толық жетекті нұсқасы жалпы қуаты 523 ат күші болатын екі мотормен ұсынылады.

 

EQS SUV туралы толық мәлімет 19 сәуірде өтетін тұсаукесерде белгілі болады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста