Lexus жаңа GX-ті 9 маусымда таныстырады
Lexus үшінші буындағы GX-тің екі тизерін жариялады. Одан жол талғамайтын көліктің оптика, капот және дөңгелек аркасын қамтитын алдыңғы бөлігін және артқы жағындағы эмблема мен жарықдиодты ұзын жолақты көруге болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Модельдің техникалық жағына қатысты ресми ақпарат жоқ. Бірақ Land Cruiser 300, Tundra, Sequoia, Lexus LX және жақында жарық көретін Tacoma сияқты Toyota-ның рамалы платформасына негізделеді деген болжам бар. GX-тің капот астында іштен жанатын мотормен қатар гибрид күштік құрылым да болады.
Үшінші буындағы Lexus GX тұсаукесері 9 маусымда өтеді, машина 2024 жылы сатылымға шығады. TLC 300 және Lexus LX-тен айырмашылығы бұл жолы алдымен премиум нұсқасы жарық көретін сияқты. Өйткені жаңа Land Cruiser Prado-ның тұсаукесері жайлы қазірше ақпарат жоқ. Тек кей инсайдер модельді биыл жазда көрсететінін хабарлаған.