Lexus жаңа модельдің жарнамасын бастап кетті. TX индексті автокөлікті биыл сәуірде шыққан Toyota Grand Highlander негізінде жасайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Көліктің артқы жағын түсірген бір ғана суреттен дөп басып бірдеңе деу қиын, бірақ дөңгелек аркасының пішіні, артқы тіреуінің көлбеу бұрышы мен есіктегі пластиктен Grand Highlander-мен ұқсастық бар екенін байқауға болады.
Тoyota Grand Highlander
Модель туралы мәлімет жоқтың қасы, соған қарамастан инсайдерлік ақпарат бойынша үш қатарлы жол талғамайтын модель гаммасы 2.4 литрлік турбо қозғалтқышпен жабдықталған TX 350 түрленімінен, сондай-ақ екі гибридтен (TX 500h пен X 550h +) тұрады.
Бұл машина 2017 жылдан бері шығып жатқан ескі RX L моделінің орнын басады. Тұсаукесер күні әзірге белгісіз.