Онымен бірге Toyota Grand Highlander де жарық көреді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Келер жылы Toyota мен Lexus-тің модельдік топтамасы үш қатар орындығы бар, ұқсас жабдықталған ірі кроссовермен толығады. Automotive News басылымы 2023 жылдың басында Toyota Grand Highlander жұрт назарына ұсынылса, жарты жылдан кейін Lexus жаңа TX-ті көрсететінін хабарлады.
Екі модельдің жарық көретіні жайлы ақпарат ешкімді таңғалдырған жоқ. Grand Highlander атауы 2021 жылы патенттелген, ал TX индексі одан да ерте, 2020 жылы мақұлданды.
TX моделі Lexus RX-тің атауында L әрпі бар жеті орынды нұсқасын алмастырады. Америкалық тұтынушылар «Лексустан» көптен бері осындай машина сұрап жүрген. Ал Toyota Grand Highlander несімен ерекшеленетіні қазірше белгісіз. Қарапайым Highlander өте үлкен, ұзындығы бес метрге жуық. Оның үстіне буын алмастыруға әлі ерте. Модель 2019 жылы жарық көрген.
Қос көліктің техникалық жағы туралы айтуға әлі ерте. Қазірше TX-тің бірнеше түрленіммен шығатыны ғана белгілі. Базалық нұсқасы TX 350, ал гибрид нұсқасы TX 500h және PHEV TX 550h+деп аталады.