Lexus LX 700h
2021 жылы қазанда жарық көрген қазіргі Lexus LX-тің жаңа түрленімі шығады. Модельдің дизельді және бензинді нұсқасы енді LX 700h индексті гибрид түрленіммен толығады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Автоөндіруші модельдің бензин-электрлі нұсқасын шығару жайлы ресми хабарлаған жоқ, бірақ кем дегенде екі елде (Канада мен Филиппин) LX 700h атауын тіркеді.
Toyota iFORCE MAX
LX гибриді жаңа Toyota Tundra және Sequoia-мен ұқсас күштік құрылыммен жабдықталуы мүмкін. АҚШ-та ол iFORCE MAX деп аталады әрі Land Cruiser 300 бен Lexus LX 600-ден таныс бензинді турбомотор (V6) және шағын электромотордан тұрады. Агрегат 10 сатылы автоматпен жұмыс істейді, жалпы қуаты — 442 ат күші мен 790 Нм.
Қазіргі LX-тің гибрид түрленімі болатыны туралы көптен бері айтылып жүр. 2021 жылы маусымда Жапонияның Creative311 порталы осындай ақпарат таратқан. Бірақ ол кезде басылым жаңа өнім LX 750h индексінде жарық көретінін хабарлады.