«За рулём» журналы Волжск қаласындағы зауыттың қазіргі өндіріс процесі туралы қызық ақпарат берді. Қазір автомобильдер конвейерден екі түсте ғана шығып жатыр екен. Оған бояу тапшылығы себеп болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
«Lada Niva Travel қаңтардың аяғына дейін „Несси-2“ металлик эффектісі қосылмаған қою жасыл түске ғана боялады. Мұндай жағдай Granta-ға да қатысты, модель желтоқсаннан бастап тек қара түсте шығып жатыр», — деп хабарлады инсайдер.
Қайта Niva Legend-тің жолы болды, бұл машина бірнеше өзгеше реңкке боялады деп жазады басылым.