Көлігін қосымша жарық шамдарымен жабдықтаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Көлігін қосымша жарық шамдарымен жабдықтаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Кезекті мониторинг жүргізу кезінде полицейлер, әлеуметтік желіде тұрғын өз көлігін қосымша жарық шамдарымен жабдықтап, жол ережесін бұзып жүргені жөнінде бейнежазбаны анықтады.

 

Аталған құқық бұзушылықты жасаған «Tойота камри» маркалы көліктің жүргізушісін анықтау мақсатында, Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Қажетті шараларды іске асыра отырып аз уақыттың ішінде жас жүргізуші тұрғынды анықтады.

 

Нақтырақ айтсақ, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлімі «Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару» және 603-бабы 2-бөлігі «Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату» бойынша хаттама толтырылды.

 

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жүргізушілерді осы тәрізді олқылықтарға жол бермеуге шақырады.

 

Қайта жабдықтауды да заңға сәйкес жасау қажет.

 

Одан бөлек, жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын сақтауға шақырады.

 

 

 

kz.otyrar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста