Kia XCeed Қазақстанға келді

Жол талғамайтын түрленім Ceed топтамасында 2019 жылы пайда болып, 2022 жылы шілдеде рестайлингтен өтті. Ол өзінің кросс-нұсқасынан пластик бастырығы және биік клиренсімен ерекшеленеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

XCeed-те өзгеріс көп, басқаша шанақ, жаңа бампер және шамы бар жүксалғыш есігін айтуға болады.

 

 

 

Біздің елде XCeed-тің алдымен Luxe және Prestige нұсқасы сатылады, бағасы 12.6 млн теңгеден басталады. Екі түрленім де 150 ат күшіне ие 1.5 литрлік турбомотормен жүреді, агрегат робот қораппен жұмыс істейді.

 

Модельдің Luxe комплектациясында алдыңғы және бүйірлік эйрбэг, көмекші жүйелердің базалық жинағы, шина қысымын бақылау, жарықдиодты оптика, парктроник, жеке климат-бақылау, круиз-бақылау және алдыңғы орындық пен рөлді жылту, әйнек сүрткіш, артқы көрініс айнасы сияқты опциялар жинағы болады. 8 дюймдік экраны бар медиакешен Apple CarPlay және Android Auto-мен жұмыс істейді. Хетчбэктің интерьері матамен қапталған.

 

 

 

 

Ал Prestige түрленімі 13.7 млн теңге тұрады, ол көрінбейтін аймақты бақылау, тұрақ көмекшісі сияқты қосымша электронды көмекшілермен жабдықталған.

 

Сондай-ақ жылытуға болатын артқы орындық пен алдыңғы әйнек, электр жетегі бар жүксалғыш есігі, артқы көрініс айнасы және кілтсіз ашу жүйесі бар. Ал салонды мата және жасанды былғарымен қаптауға болады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста