Jeep Wrangler сынақтан сәтті өте алмады

Jeep Wrangler сынақтан сәтті өте алмады

Ұзын Jeep Wrangler краш-тест кезінде тағы да сүрінді. Автомобиль бетпе-бет соққыдан аударылып қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

Бұл жол талғамайтын көліктің алғашқы сүрінуі емес. 2019 жылы да ол сынақта дәл осылай төңкеріліп еді. Үш жыл бойы инженерлер мәселені шешудің жолын іздегенмен, түк бітіре алмаған сияқты. Wrangler өте нашар баға алды.

 

 

Сарапшылар машинаның бетпе-бет соғылғанда бұлай аударылуы қалыпты нәтиже деуге келмейтінін атап өтті. Оның үстіне қазіргі жүйе жолаушылардың қатты соққыдан көліктен ұшып түсу қаупін қоса алғанда, мұндай апаттың салдары қаншалықты ауыр болатынын нақты бағалай алмайды. Бұл Jeep-тің дәл осы моделі үшін аса өзекті, өйткені оның төбесі алынады.

 

 

 

Есепте Wrangler бас пен кеудені жақсы қорғайтыны жазылған, бірақ сол жақ сирақтың жарақаттану қаупі өте жоғары. Сонымен қатар машинадағы бүйірлік жастықтар ашылмай қалыпты. Басқа сынақтарда авто өзін жақсы көрсеткен, бірақ мінсіз емес. Инженерлер көлік шамдарына сын айтып, бүйірден соққы тигенде жолаушылардың басы қорғалмайтынын хабарлады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста