JAC JS4 Қазақстанда қанша тұрады

JAC JS4 Қостанайдағы зауыттың конвейеріне тұратыны бұған дейін белгілі болған. ЕЭО нарығына шығуға мүмкіндік беретін құжатты 2022 жылдың басында алды, енді бағасы жарияланып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда кроссовер екі түрлі күштік құрылыммен төрт комплектацияда ұсынылады. Ең қарапайым JS4 109 ат күші мен 150 Нм беретін 1.6 литрлік атмосфералы мотормен жүреді, барлық момент 6 сатылы механика арқылы алдыңғы дөңгелектерге беріледі. Өзге үш түрленімі механика немесе вариатормен жұптасатын 1.5 литрлік турбомотормен (136 ат күші) жабдықталады. Бәрі алдыңғы жетекті.

 

 

 

 

Машинаның бағасы 9.9 млн теңгеден басталады. Базалық жиынтықтағы кроссовердің жабдықтар тізімінде галогенді шам, алдыңғы қауіпсіздік жастығы, электронды көмекшілердің базалық жинағы, салқындатқыш, электромеханикалық тұрақ тежеуіш және бірнеше USB-порт бар.

 

 

 

Орташа Luxury нұсқасы механикамен де, вариатормен де ұсынылады. Мұндай машина электр жетегі бар люк, климат-бақылау, былғарымен қапталған рөл және шина қысымын бақылау жүйесімен (TMPS) жабдықталған. Механикамен жұптасатын түрленімі 10.5 млн, ал вариатор қойылған нұсқасы 11.3 млн теңге тұрады.

 

Үздік Ultimate комплектациясы тек вариатормен сатылады, бағасы — 12.5 млн теңге. Мұндай көлікте алты қауіпсіздік жастығы, Android Auto және Apple CarPlay-мен жұмыс істейтін медиажүйе, айнала шолу камерасы, көрінбейтін аймақты бақылау, цифрлы аспаптар панелі және т.б. бар.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста