Hyundai жаңа Sonata-ның алғашқы фотосын жариялады

Hyundai жаңа Sonata-ның алғашқы фотосын жариялады

Hyundai рестайлингтен өткен Sonata-ның алғашқы ресми фотосуретін жариялады. Седанның сырт пішіні Kona, Staria және біз Accent деп атайтын Verna стилінде жасалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

 

 

 

Sonata-ның алдыңғы жағында күндізгі жүріс шамы рөлін атқаратын жіңішке жарықдиодты жолақ болады.

 

Негізгі оптика төменде орналасқан.

 

Артқы жағында енді C-тәрізді фирмалық шам болмайды. Оның орнын жарықдиодты панель басады.

 

Жаңа «Соната» әдеттегі фейслифтингтен ғана өткен жоқ, өйткені дизайнерлер жарық техникасы, бампер және қанатын ғана емес, капот пен жүксалғыш қақпағын да ауыстырды.

 

 

 

 

 

Салонда бір блокта орналасқан медиажүйе мен аспаптар панелінің 12.3 дюймдік экрандары назар аудартады. Автоматты беріліс қорабының селекторы жоқ ортаңғы консоль де өзгеше көрінеді. Селектор рөлдің оң жағына қойылды. Рөл де жаңа дизайнда жасалыпты.

 

Sonata-ның техникалық жағы туралы ресми ақпарат жоқ, бірақ инсайдерлер кейбір елде седанның толық жетекті нұсқасы шығатынын айтады. Мұндай ақпаратты фототыңшылар наурыздың басында таратқан. Компания автомобильді 30 наурыз бен 9 сәуір аралығында өтетін Сеулдегі автошоуда таныстырады. Толық мәлімет сол кезде белгілі болады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста