Hyundai жаңа Accent-ті ресми таныстырды

Hyundai жаңа буындағы Accent-ті көрсетті. Болашақта көп елдің нарығына шығатын модель Үндістанда Verna атауымен жарық көрді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Машина кәдімгідей іріленіп, дизайны жаңарды және жаңа турбомоторға ие болды. Үнді елінде бағасы 6 млн теңгеден басталады.

 

 

 

 

Ось арасына 70 мм қосылып, көлік 130 мм ұзырыпты. Өлшемі — 4535×1765×1475 мм. Дөңгелек базасы — 2670 мм. Жүксалғыш көлемі 480-нен 528 литрге ұлғайған.

 

Экстерьері Hyundai-нің үлкен модельдерін еске салады. Радиатор торы ірілеу, қыры көп және артқы шанақ тіреуі өзгеше. Оптикасы жарықдоидты, капот жиегіндегі жанатын жолақ үш элементтен тұрады, бірақ оны тек қымбат нұсқасынан көреміз.

 

 

 

 

Интерьеріндегі негізгі ерекшелік — бір блокқа біріккен екі экран. Олардың диагоналі 10.25 дюймге жетуі мүмкін, алайда бюджеттік түріне 8 дюймдік дисплей орнатады. Ал ең арзан машинада медиажүйе де, цифрлы аспаптар панелі де болмайды. Сенсорлы панельдегі реттегіштер мен батырмалардың Функциясын баптау арқылы өзгертуге болады.

 

 

Жабдықтар тізімінде былғары қаптама, электр көмегімен реттелетін орындықтар, желдету жүйесі, климат-бақылау және атмосфералық жарық бар. Алты қауіпсіздік жастығы, ABS және ESP болады. Ең қымбат түрленімі жүргізушіге көмек беретін көмекшілер кешенімен толық жабдықталады.

 

Жаңа модельдің мотор гаммасында 115 ат күші мен 144 Нм момент беретін 1.5 литрлік қозғалтқыш бар. Ол 6 сатылы механика не IVT вариаторымен жұмыс істейді. Қымбат седандар 160 ат күшіне ие (253 Нм) көлемі дәл сондай жаңа турбомотормен жүреді. Бұл агрегат механика не 7 диапазонды роботпен жұптасады. Турбонұсқаның тағы бір ерекшелігі — артқы дөңгелегіндегі дискілі тежеуіштер.

 

Hyundai жаңа моделін басқа елдерде саудалауға қатысты жоспарын жария етпеді. Дегенмен Санкт-Петербургтегі кәсіпорын жұмысы тоқтағанын ескерсек, компания Үндістандағы зауытта өндіріс көлемін арттырып, модельдерін экспортқа шығаруы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста