Hyundai Staria қанша тұрады

Hyundai Staria қанша тұрады

Айрықша пішінді минивэн біздің ел тұрғындарына үш нұсқада ұсынылады деп хабарлайды kolesa.kz.

 

Былтыр наурызда Hyundai бүкіл әлемге H-1 моделінің ізбасары — басқа елдерде Starex деп аталатын Staria-ны көрсетті. Жаңа атауынан бөлек минивэн ерекше футуристік дизайнға ие болған. Үлкен алдыңғы әйнегі, шанақты бойлай орналасқан жарықдиодты жолағы мен ірі радиатор торының екі шетіне қойылған шамдары бірден көзге түседі. Бір жыл өткен соң Staria біздің елге де жетті.

 

Қазақстанда көліктің бірнеше нұсқасы сатылады. Топтамадағы ең арзан модель — Van. Ұзындығы 5.2 метр болатын фургон 177 ат күші мен 430 Нм момент беретін 2.2 литрлік дизельді турбомотормен, механикалық қорап және алдыңғы жетек жүйесімен жабдықталады. Бағасы — 15.3 млн теңге. Жабдықтар тізімінде төрт қауіпсіздік жастығы, ауа баптағыш, орындық пен айна жылытқыш, дисплейі монохромды қарапайым мультимедиа, реттелетін рөл колонкасы, галогенді оптика және темір дөңгелек дискілері бар.

 

 

Жолаушы тасымалдайтын Travel-дің бағасы 17 млн теңгеден басталады. Алдыңғы жетекті машина 8 сатылы автоматпен жұмыс істейтін дизельді мотормен жүреді. Салонда 8 орындық бар, алдыңғы екеуі, рөл, айналар мен әйнек жуғыштың бүріккіші жылынады. Одан бөлек базалық мультимедиа, жарық сезгегі, артқы парктрониктер мен стандарт қауіпсіздік жүйелері орнатылған.

 

 

Business жиынтығы 20 млн теңге тұрады. Толық жетекті көлік электронды көмекшілер мен қауіпсіздік жүйелерінің кеңейтілген жинағымен, кілтсіз ашу, климат-бақылау, круиз-бақылау, жүргізуші орындығының электр жетегі, былғары салон, 8 дюймдік экраны бар мультимедиа, сондай-ақ 10.25 дюймдік аспаптар панелі және толық жарықдиодты оптикамен сатылады.

 

Топтамадағы ең қымбаты — 7 орынды Luxe нұсқасы. Капот астына 249 ат күші мен 331 Нм момент беретін 3.5 литрлік бензинді мотор орнатылған. Жетегі алдында, қорабы 8 сатылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста