Hongqi Қазақстанға келеді

Hongqi Қазақстанға келеді

Allur компаниясы Шанхай автосалонында маркаға иелік ететін FAW концернімен келісімшарт жасап, Hongqi-дің дистрибьюторы атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Allur Қазақстанда Hongqi көліктерін сатумен қатар өндірісін де қолға алады. Бренд Ресей нарығына шығатыны туралы да ақпарат бар.

 

 

 

 

 

Hongqi H5

 

Қазақстанға бірнеше модель келеді: H5, H9 седандары, HS5 кроссовері мен флагмандық E-HS9 электромобилі. Бірінші седанның көлемі Toyota Camry-мен шамалас, машина Қытайда роботпен жұмыс істейтін 169 ат күшіне ие турбомотормен жүреді, оны марканың ең арзан моделі деуге болады. Ал H9 Еуропаның премиум брендтерінің толық өлшемді модельдеріне бәсекелес болады. Оның капот астында BMW немесе Mercedes-Benz седандарындағы сияқты үлкен мотор жоқ, екі немесе үш литрлік турбомотормен жүреді.

 

 

 

 

 

 

Hongqi HS5

 

Марка 8 диапазонды автоматпен жұмыс істейтін 252 ат күшіне ие төрт цилиндрлі моторды H9-ға ғана емес, HS5 кроссоверіне де орнатады. E-HS9 — 551 ат күшіне ие мотормен жүретін, жүріс қоры 450 км болатын электромобиль.

 

Ресей нарығына тек флагмандар шығады, бірақ H5 седаны патент алған. Ресейде Hongqi көктемде сатыла бастайды, бағасы шамамен 15 млн рубль болады. Hongqi біздің елде маусымда сатылады. Allur биыл жыл аяғына қарай Қостанайда көлік құрастыра бастайды.

 

Бұған дейін «Автодом» дилерлік желісінің меншігіне өткен Ресейдегі Mercedes-Benz зауытында Hongqi көліктері шығады деген ақпарат тараған. Бірақ ресми расталған жоқ. Қазақстандағы зауыт Ресей мен Беларусь нарығына премиум-класс көліктерін жеткізетін Hongqi-дің ЕЭО-дағы өндірістік базасына айналуы әбден мүмкін.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста