Haval жаңа моделінің суретін жариялады

Haval жаңа моделінің суретін жариялады

Haval концерні B26 индексті жаңа моделінің суретін жариялады. Фотодан оның жол талғамайтын ірі кроссовер екенін аңғаруға болады. Техникалық сипаттамасы жарияланбаса да, көліктің мотор гаммасы гибрид күштік құрылымнан тұратыны белгілі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайда шыққан соңғы машиналар сияқты бұл да қырлы пішінімен ерекшеленеді. Тік артқы тірегі дөңгелек аркасының қатпарымен, алдыңғы бампердегі мықты қорғанышпен және ірі радиатор торымен үйлесіп тұр.

 

 

Haval B26 Dargo кроссовері мен Tank 500-дің кейбір ерекшелігін бойына жинаған. Модельдің сериялы нұсқасы Dargo топтамасына қосылуы мүмкін немесе рамалы жол талғамайтын көлік болады.

 

Алғашқы суреттер мотор гаммасынан хабар береді, бір фотода кроссовер қуаттау құрылғысының жанында тұр. Артқы қанаттарында екі қақпақ бар. Демек B26 бензинді мотормен де, электромотормен де жүреді.

 

Автокөлікті Great Wall концернінің Hi4 гибрид жүйесімен жабдықтайтын сияқты. Оның екі түрленімі бар: біріншісі — екі электромотор бірге жұмыс істейтін 1.5 литрлік турбомотор (95 және 204 ат күші), екіншісі — алдыңғы осьте тұратын 109 ат күшіне ие агрегат.

 

Haval B26 Қытай нарығына 2023 жылдың екінші жартысында шығады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста