Haval компаниясы ел арасында Xianglong немесе B26 деген атаумен тараған жол талғамайтын көлікке бес бірдей жаңа атау тіркеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
CarNewsChina Қытайдың өнеркәсіп министрлігіне сілтеме жасап, кроссовердің тауарлық белгі тізімінде Raptor және Veyron нұсқалары бар деп жазды.
Ford концерні жол талғамайтын көліктің қуатты түрін «Раптор», ал Bugatti Chiron-нан бұрын шыққан гиперкарын Veyron деп атаған еді. Компания модельге қосымша Вig Dog Pro, Thunderbolt Dog деген нұсқаларды ұсынып отыр. Xianglong-ды өзгеріссіз қалдыруы да мүмкін.
Кроссовердің сырт пішіні Haval Dargo-ны еске түсіреді, алайда ірі бампері, көлемді радиатор торы мен модельге тән табалдырыққа арналған қондырманың арқасында машина әлдеқайда қатал, әрі қырлы болып көрінеді. Өлшемдері — 4680×1916×1822 мм, ал дөңгелек базасы — 2738 мм. Осылайша жаңа модель Dargо-дан сәл ұзын, Tank 300-ден ықшам. Дөңгелек дискілері 19 дюймге жетпейді.
Сертификат құжаттары бойынша Haval Raptor-ға (Haval Veyron) үш қозғалтқышы бар Hi4 гибрид күштік құрылым орнатады. Оның екеуі – 109 және 204 ат күшіне ие электромотор, біреуі – 167 ат күшіне ие 1.5 литрлік дәстүрлі қозғалтқыш. Соңғысы электр қуатын түрлендіріп, дөңгелек айналдыруға қатысатын сияқты. Автомобильді литий-темір-фосфатты аккумулятормен жабдықтайды, бірақ көлемі әзірше белгісіз. Нарыққа 2023 жылдың соңында шығады.
Haval Dargo жақында жаңарды, мамандар кроссоверге жаңа радиатор торын, өзгеше артқы оптика мен 238 ат күшін беретін 2 литрлік турбомотор орнатты.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz