Exeed TXL-дің ізбасары шықты

Exeed TXL-дің ізбасары шықты

Exeed TXL Қазақстанда биыл ғана сатылымға шыққан, ал Қытайда оның орнын басатын модель жарық көріп үлгерді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа өнім — AtlantiX концептісінің сериялы нұсқасы. Машина өз елінде Yaoguang деп аталады, бірақ шетелге өзге атаумен шығуы мүмкін.

 

Көліктің сырт пішіні Exeed-тің фирмалық стилінде жасалған. TXL мен Yaoguan-ның көлемі сәл өзгеше. Кейінгісі 59 мм аласа, 35 мм жалпақ, дөңгелек базасының ұзындығы бірдей — 4781 мм.

 

 

 

 

 

Салонда 12.3 дюймдік екі дисплей орнатылған, ортаңғы консольде басқару элементтерінің көбі жоқ. Онда ұсақ-түйекке арналған бокс, смартфонды сымсыз қуаттау және климат орнату блогы ғана қалған. Автомат қораптың селекторы рөлге, ал қалғаны медиажүйе экранына көшіпті.

 

 

Сондай-ақ есікте әдеттегі тұтқа жоқ екені байқалады. Ол батырмамен ашылады. Yaoguang моделінде қандай опциялар болатыны туралы толық ақпарат жоқ, бірақ панорамалы шатыр мен электронды көмекшілердің толық жинағы болатыны анық.

 

 

Көлік 261 ат күші мен 400 Нм момент беретін 2 литрлік турбомотормен жүреді. Момент дөңгелектерге 8 сатылы автомат пен толық жетекті жүйе арқылы беріледі. Yaoguang — бейімді амортизатор орнатылған алғашқы Exeed моделі.

 

Yaoguang қытайлар небәрі екі жылда салған Chery Automobile Qingdao зауытында шығады. Бұл кәсіпорын жылына 200 мың машина өндіре алады. Кроссовер өз елінде 2022 жылдың аяғында сатыла бастайды. Модель Қазақстанға келе ме, жоқ па қазірше белгісіз.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста