Exeed кроссовері Lexus моделінің атын алады

Exeed премиум маркасының технологиялық флагманы Қытайда Yaoguang деп аталады. Оны марка алғаш AtlantiX концепт-кары ретінде таныстырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сітеме жасап.

Басқа нарыққа сол атаумен шығады деп болжанған, бірақ «Китайские автомобили» басылымы модель шетелде бізге жақсы таныс RX атауымен саудаға түседі деп жазды.

 

Мұны кроссовердің суретінен де көруге болады. Ол бренд қабылдаған номенклатураға сай келеді екен. Exeed әдетте кроссоверлеріне X символы бар атау береді.

 

 

 

 

Қытай мен жапон өндірушілері RX-ті қалай бөлісетіні белгісіз. Олар аттас қана емес, бәсекелес те болатын сияқты. Ұзындығы 4781 мм Exeed Yaoguang моделі Lexus RX-тен кішілеу, бірақ дөңгелек базасы сәл үлкен.

 

Өз отанында Exeed RX 261 ат күші мен 400 Нм момент беретін 2 литрлік мотормен сатылады. Экспортка кететін көліктердің көбі толық жетекті болады. Модельдің фототыңшылар түсірген суретінде AWD жазуы байқалады, демек шетелде саудаланатын көліктің алғашқысынан сырттай айырмасы болмайды.

 

Жол талғамайтын көлік саудаға түсетін алғашқы елдердің бірі — Ресей. Марканың жергілікті бөлімі жаңа модель 2023 жылдың ортасына таман нарыққа шығатынын растады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста