Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі
Қазақстан 14 мамырдан кейін ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражатын қайта есептеуге уәде беріп отыр. «Жасыл Даму» АҚ-пен кәдеге жарату төлемінің жаңа мөлшерлемелерінің әсері туралы кеңестер жүргізілді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 138 бұйрығына сәйкес, қайта өңдеу үшін алым мөлшерлемелері 50%-ға төмендетілді, осы бұйрық ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап қолданысқа енгізілді.
«2022 жылдың 14 мамырынан кейін қайта өңдеу үшін төлем бұрынғы тарифтер бойынша төленген жағдайда, «Жасыл Даму» АҚ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, артық төленген соманы қайта есептеп, қайтарады», – деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу