Электрлі «Москвич 3е» қуатты болады

Мәскеудегі бұрынғы Renault Group зауытында шығатын «Москвич 3е» электрокроссоверінің сипаттамасы белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

«Авторевю» марка дилері берген ақпаратқа сілтеме жасап, кроссовер Қытайдағы баламасынан қуатты болатынын хабарлады.

 

«Москвич 3е» электромоторының қуаты жайлы алғаш рет Росстандарт жариялаған Көлік типін мақұлдау құжатынан білдік. Онда кроссовер моторы бар болғаны 68 ат күшіне ие деп жазылған. Бірақ басылым дереккөзі қозғалтқыш 193 ат күші мен 340 Нм беретінін айтыпты. Демек машинаның іс жүзіндегі қуаты паспорттағы сипаттамасынан үш есе жоғары деген сөз.

 

 

Деректегі мұндай айырмашылықты басылым былай түсіндіреді: көлік типін мақұлдау құжатында максимал 30 минуттық қуат жазылады, ал сипаттамада әдетте мотордың ең жоғары қуаты көрсетіледі.

 

«Москвич 3е» Қытайда Sehol E40X деп аталатын баламасынан едәуір күшті. Аталған кроссовер өз елінде 2021 жылы көктемде жарық көрді, ол 150 ат күшіне ие (340 Нм) мотормен жабдықталған. Sehol E40X Қытайда 130 мың юань тұрады. Бұл мөлшермен 1.3 млн рубльге тең, ал Ресейде «Москвич 3е» бұдан 2.2 млн рубль қымбатқа сатылады.

 

 

Электрлі «Москвичтің» динамикасы туралы ақпарат жоқ, ал Sehol E40X алғашқы жүздікті 9.7 секундта еңсереді, ең жоғары жылдамдығы — 150 км/сағ.

 

Ресейлік көлікке Sehol E40X-тің сыйымдылығы 66 кВт/сағ болатын ең арзан батарея орнатылған, мұндай аккумулятор 410 шақырым жол жүруге мүмкіндік береді.

 

 

Жақында «Москвич» дилерлік желісін кеңейтетінін хабарлады. Былтыр Ресей астанасында 11 дилер бензинді және электрлі кроссоверге тапсырыс қабылдаса, биыл наурызға дейін зауыт елдің 12 ірі облысында 20-дан аса өкілдігін ашады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста