Армения республикасынан әкелінген автокөліктерді қашықтан есептен шығаруға рұқсат берілуі мүмкін.
Қазір бұл мәселені Қазақстанның Ішкі істер және Сыртқы істер министрлігі армениялық әріптестермен пысықтап жатыр. Сондай-ақ, алдағы заңдастыру шеңберінде сары нөмірмен мемлекеттік тіркеуде тұрған автокөлік иелеріне ақ нөмір алуға мүмкіндік беріледі.
Алтынбек Жамалиев, ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы: - Аталған көлік иелері тіркеу елінен авто көліктерін шешу сұрақтары бойынша ішкі істер министрлігіне сұрақ қойды. Ішкі істер министрлігі сыртқы істер министрлігімен бірлесіп және Армения республикасындағы әріптестермен қоса отырып осы сұрақты қашықтықтан шешу және есептен шығару мәселелерін пысықтап жатқанын хабарлайды.