Chevrolet Onix-тің Қазақстандағы бағасы

Chevrolet Onix-тің Қазақстандағы бағасы

Мамырдың ортасында «СарыарқаАвтоПром» зауыты Nexia R3-ті алмастыратын төрт есікті Onix моделін құрастыра бастағанын мәлімдеген. Жақында оның бағасы белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің жүргізушілерге Onix барлық бес жиынтықта ұсынылады. Алғашқы екеуі 90 ат күшіне ие 1.2 литрлік атмосфералы мотормен және 5 сатылы механикамен (1LT мен 3LT) жабдықталса, қалған үшеуі (LTZ, PR1, PR2) 132 ат күшіне ие турбомотормен және 6 сатылы автоматпен жүреді.

 

 

Көліктің 8.7 млн теңгелік 1LT базалық нұсқасы алдыңғы қауіпсіздік жастығымен, бағытты тұрақты ұстайтын жүйемен және ABS-пен, иммобилайзер, жылдамдық шектегіш, TMPS, галоген шам, ауа баптағыш, 8 дюймдік экран және төрт динамикпен жабдықталған. Орындықтар қолмен реттеледі және матамен қапталған. Алдыңғы әйнек пен артқы жел әйнегінің төмен жағы жылынады.

 

3LT түрленімін компания артқы бөлікті көрсететін камера, парктроник, жарық сезгегі, кілтсіз ашу жүйесі, смартфонды сымсыз қуаттау құрылғысымен толықтырды. Модель алты динамикпен жабдықталған, алдыңғы орындық пен айна жылытылады. Құны — 9 млн теңге.

 

 

Турбомотормен және автоматпен жүретін қарапайым LTZ алсаңыз, 9.4 млн теңге санап бересіз, жоғарыда айтып кеткен жабдықтардан бөлек машинада бүйірлік қауіпсіздік жастықшасы, 15 дюймдік құйма дискілер, круиз-бақылау болады, ал рөлі былғарымен қапталады.

 

PR1 мен PR2 9.7 млн және 9.9 млн теңгеге бағаланған. Бұларда алдыңғы парктроник, көрінбейтін аймақты бақылау және көлікті тұраққа қоюға жәрдем беретін жартылай автомат жүйе, климат-бақылау, электр жетекті люк, артқы орындықты жылытқыш және 16 дюймдік дөңгелек дискілер бар. PR1 мен PR2-ні салонынан ажыратымыз, PR1-дің салоны аралас жасалса, PR2-нің ішін жасанды былғарымен қаптаған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста