Chevrolet Onix Өзбекстанда жақсы сатылып жатыр

Chevrolet Onix Өзбекстанда жақсы сатылып жатыр

Қарашаның басында Өзбекстанда 2019 жылы жарық көрген Chevrolet Onix бюджеттік седаны сатылымға шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

UzAuto Motors зауыты модельдің 5 сатылы механикамен жұмыс істейтін 1.2 литрлік атмосфералы мотор (90 ат күші) орнатылған және 6 диапазонды гидромеханикалық автоматпен жұптасатын 1.2 литрлік турбомотормен (132 ат күші) жүретін екі түрленімін өндіреді.

 

Onix Өзбекстанда 110 000 000–165 180 000 сум (4.58–6.88 млн теңге) аралығында сатылады.

 

UzAuto Motors хабарлағандай, Chevrolet Onix нарыққа шыққан алғашқы күні 28 000 данасы өткен. Бұл автоөндіруші тарихындағы рекордтық көрсеткіш болды.

 

 

Седан ABS және ESP жүйесімен және кем дегенде екі қауіпсіздік жастығымен жабдықталады. Базалық нұсқасынан басқа көліктерде дабыл жүйесі, салқындатқыш, рөлдің биіктігі мен орнын реттеу, электр жетегі бар бүйірлік айна, жүргізуші орындығының биіктігін реттеу, жылдамдық шектегіш, шина қысымын бақылау жүйесі және т. б. бар.

 

Өзбекстан Chevrolet Onix моделін шығаратын Қытай, Бразилия және Мексикадан кейінгі төртінші ел атанды. Бұл тізімге жақында Қазақстан да қосылады, машина біздің елде CKD әдісімен жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста