Chevrolet Lacetti Қазақстанға оралды
Қазақстандағы Chevrolet сайты жаңа (ескі) модель жайлы ақпарат жариялады, ол — бұрын Өзбекстанда Daewoo Gentra деген атпен шыққан Lacetti. Седан Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Lacetti Қазақстан нарығына қайта шығатыны былтыр желтоқсанда белгілі болған. Көлік құралының типін мақұлдау реестрінде Қостанайдағы зауыт құрастыратын автомобильдің жаңа құжаты жарияланды.
Баға тізімінен Lacetti Қазақстанда 106 ат күшіне (141 Нм) ие 1.5 литрлік мотор 6 сатылы автоматпен жұптасатын бір ғана комплектацияда сатылатынын көруге болады. Жабдықтар тізімінде екі қауіпсіздік жастығы, ауа баптағыш, люк, төрт динамигі бар аудиожүйе, жылытуға болатын алдыңғы және артқы орындық, жылытуға болатын артқы әйнек және бүйірлік айна, тұманға қарсы шам және т.б. бар. Салон матамен қапталған, рөл мен алдыңғы орындықты қолмен реттеуге болады. Зауыт Lacetti-ге 195/55 өлшемді шинамен қапталған 15 дюймдік диск орнатады.
Седан бағасы — 7 990 000 теңге. Демек ол біздің елде 6.2 млн теңге тұратын «Кобальт» пен 7.7 млн тұратын жаңа Onix-тен қымбат. Бірақ бұл бағаға Onix-тің 90 ат күшіне ие 1.2 литрлік атмосфералы мотор және механикамен жабдықталған арзан нұсқасын алуға болады, оның автомат қорап және 132 ат күші бар турбомотормен жүретін нұсқасы 8.4 млн тұрады.