Chevrolet Lacetti Қазақстанға орала ма?

Chevrolet Lacetti Қазақстанға орала ма?

Көлік құралының типін мақұлдау реестрінде 2002 жылдан бері түрлі маркамен шығып жатқан Chevrolet Lacetti туралы мәлімет пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Автомобильді «СарыарқаАвтоПром» зауытының мамандары құрастырады.

 

 

Құжат бойынша марка Қазақстан тұрғындарына 107 ат күшіне ие 1.5 литрлік моторы бар, Еуро-5 стандартына сай көлік ұсынады. Мотор 6 сатылы автоматпен жұмыс істейді. Барлық момент (141 Нм) алдыңғы дөңгелектерге беріледі. Жабдықтар тізімінде опция түріндегі ауа баптағыш, электр жетекті айна, артқы әйнекті жылытқыш және бір-екі қауіпсіздік жастығы бар.

 

Қосымша ақпарат деген жолға құжат Еуразиялық экономикалық комиссияның 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 77 шешімі бойынша берілгені жазылған. Демек седанға SOS батырмасын орнату міндетті емес. Lacetti-дің ондай түрленімін 2023 жылдың 1 ақпанына дейін шығаруға болады. Машина Қостанайдағы зауыт конвейеріне қашан тұратыны әзірше белгісіз.

 

 

 

Қазір сатылымда жоқ Lada модельдерін күтіп жүрген жұрт қарапайым әрі арзан седанға назар аударатыны анық, көлік типін мақұлдау құжаты өндірушілерге бірқатар жеңілдік жасалған соң пайда болды. Қарашада ABS пен қауіпсіздік жастығы жоқ көлік шығаруға рұқсат берілді. ҚР ИИДМ елдегі автоөндірушілер бірнеше жабдықтан арылған көлік құрастыруға ниетті деген мәліметті теріске шығарған. Алайда Avtograd news жазбасына сүйенген ресейлік БАҚ Қазақстан үшін Еуро-2 класты және ABS-сыз 800 Lada Granta дайындап қойғанын жазды. Олар биыл желтоқсанда жеткізілуі тиіс еді. Бірақ біздің тарап машина бөліктерінен бас тартты.

 

Енді Өзбекстаннан келетін Chevrolet Lacetti біраз уақыт «Грантаның» орнын басатын сияқты.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста