Chery-дің жаңа кроссовері

Chery-дің жаңа кроссовері

Қытайлық AutoHome басылымы жаңа Chery Tiggo 9 кроссоверінің камуфляжсыз фотосуретін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жол талғамайтын көліктің алдыңғы бөлігі фирмалық стильде жасалғанымен, қырынан қарағанда жаңа өнім Range Rover-ге, әсіресе Range Rover Velar кроссоверіне қатты ұқсайды.

 

 

Флагманның алдыңғы жағы Chery-ге тән үлкен радиатор торы және Tiggo топтамасындағы өзге көліктерден таныс оптика мен бамперден тұрады.

 

 

Түзу шанақ сызығы мен артқы тіректі бойлай түсетін төбе сызығы кроссовер сұлбасын аңғартады. Chery Tiggo 9-ға «жасырын» есік тұтқасы және артқы жағына жіңішке жарықдиодты шырақ орнатылады.

 

 

Интерьер суреті әлі жарияланған жоқ. Бірақ бұрын шыққан шпиондық фотодан салонда ірі желдеткіш дефлекторы, ірі ортаңғы тоннель және үлкен қосарлы дисплей болатынын білеміз.

 

Кроссовер 254 ат күшіне ие 2 литрлік турботөрттікпен жүреді, ол 7 сатылы роботпен жұмыс істейді, кейінірек трансмиссия гаммасына 8 диапазонды автомат қосылады. Жол талғамайтын көлік бес және жеті орынды нұсқада сатылады. Үш қатарлы нұсқасы ғана толық жетекті болады деген ақпарат бар. Chery Tiggo 9 Қытайда келер жылдың бірінші жартысында жарық көреді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста