BMW жақында ең мықты M3-ті таныстырады

Компания экстремал седанды 28 қаңтар күні «Дайтонадағы 24 сағат» шарасында жұрт назарына ұсынып, оның автоспортпен тікелей байланысын көрсетпек болған. Алайда фототыңшылар марка жоспарын бұзды. Су жаңа машинаның суреттері әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

Фотодан BMW M3 CS бренд өнімдеріне тән «талпақ танауын» сақтап қалғаны байқалады. Оны түрлі түсті элементпен жиектеп қойыпты, ондай акцент капот шетінде де бар, ал алдыңғы бамперді ірі сплиттермен әрлеген.

 

Сонымен қатар BMW дәстүрден жаңылмай, спорткар оптикасына сары жүріс шамын орнатады.

 

 

Артқы бөлігіне шағын спойлер, диффузор және газ шығару жүйесінің төрт түтігін қояды.

 

Интерьеріндегі негізгі ерекшелік — 12.3 және 14.9 дюймдік екі экраны бар iDrive 8. Мұндай медиақұрылғыны стандарт «үштіктен» көруге болады, бірақ онда рестайлингтен кейін ғана үлкен дисплей пайда болды. Салондағы алькантарамен қапталған жуан рөл мен карбон орындық спорткар тұлғасын айқындай түседі.

 

 

BMW M3 CS капотының астында 8 диапазонды автоматпен жұмыс істейтін 550 ат күшіне ие мотор тұрады деген болжам бар, xDrive толық жетек жүйесін алуы да мүмкін.

 

Тыңшылар тапқан мәліметті жариялап танылған Wilcoblok аккаунты көлік суретін алып тастапты. Соған қарағанда BMW басшылары 28 қаңтарда өтетін салтанатты шараның сәнін бұзбауды сұраған сияқты. Марка сол күні суперседанды ғана емес, M Hybrid V8 болидін де таныстырады. Дайтонада алғаш жарыс жолына шығатын болид болашақта әйгілі «Ле-мандағы 24 сағат» сайысында төбе көрсетуі мүмкін.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста