Bestune T55 Lada атанады

Bestune T55 Lada атанады

Bestune T55 кроссовері екінші «қытайлық» Lada болады. «Мотор» басылымы машина Тольяттиде сынақтан өтіп жатқанын хабарлады. FAW концерні кроссоверді Ресейде өз атауымен таныстырып, сатуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

 

 

FAW Bestune T55 — жақсы жабдықталған, сырт пішіні тартымды заманауи модель. Ұзындығы – 4.4, дөңгелек базасы – 2.65 метр (Bestune T77-ден кішірек), алдыңғы осьте McPherson тіреуі, артында жартылай тәуелсіз арқалық бар. Ресейлік нұсқасы 7 сатылы роботпен жұмыс істейтін, 160 ат күшіне ие 1.5 литрлік турбомотормен жүреді, машина алдыңғы жетекті. Бағасы 2 289 000 рубльден басталады.

 

 

 

 

Lada X-cross 4 немесе X-cross 3 (Қытай кроссовері Ресейде осы екі атаудың бірімен шығуы мүмкін) жаңа Lada топтамасының X-cross 5-тен кейінгі екінші моделі болады. АВТОВАЗ Санкт-Петербургтегі зауытқа Қытай технологиясын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл зауыт бұрын Nissan компаниясына тиесілі болатын, жапон маркасы Ресейден кеткен соң АВТОВАЗ меншігіне өтті.

 

Компания басшысы Максим Соколов X-cross топтамасы бірнеше модельден тұратынын айтқан, бірақ олардың түпнұсқасы қай марка болатынын ресми хабарлаған жоқ. Bestune кроссоверлері Lada маркасымен биыл жазда шыға бастайды. Бірақ серіктес екі компания бір модельді екі түрлі атаумен қалай сатқалы отырғаны белгісіз. X-cross топтамасына Bestune T55 және T77-нің қарапайым комплектациядағы нұсқалары енуі мүмкін.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста