Бес есікті Toyota Crown Sport

Бес есікті Toyota Crown Sport

Сәуірде Crown топтамасының қатары толыққанын хабарлаған Toyota жақында бес есікті Crown Sport моделін таныстырды. Бұл топтамадағы екінші модель, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа машинамен танысып шыққан Yahoo басылымының журналистері бұл хетчбэк өз топтамасында ең қуатты машина болады деп болжады.

 

 

Crown Sport пен седан тәріздес Crown Crossover-дің шассиі бірдей. Өлшемі 4710×1880×1560 мм, ал дөңгелек базасы 2770 мм жаңа машина қысқа, әрі биік. Спорткар дизайнымен ерекшеленеді. Өзіне тән стилі бар кроссовердің бампері мен негізгі оптикасы бірден көзге түседі. Өндірушілер түсі мен спорттық креслосынан басқаның барлығын крос-хетч интерьерімен бірдей қылды.

 

 

 

 

Аспаның кейбір баптаулары, бейімделген амортизатор және артқы дөңгелек пен рөлдің белсенді реакциясы Crown Sport-ты жүргізгенде ерекше әсер алуға көмектеседі.

 

Бес есікті темір тұлпар дәстүрлі және қуатталатын екі гибрид құрылыммен жүреді. Тоуота техникасына қатысты нақты мәлімет бермеді, бірақ Crown Crossover-дегі секілді 239 ат күшіне ие 2.5 литрлік бензинді мотормен және электроқозғалтқышпен жабдықталады деген болжам бар.

 

 

 

 

306 ат күшін беретін гибрид электроқозғалтқышты Toyota RAV4-тен алған. Бірақ көліктің спорт имиджін айқындау үшін сипаттамалары өзгеруі мүмкін. Екі түрленім де толық жетекті болғанмен, артқы дөңгелектерді айналдыруға электромотор жауапты.

 

Машинаның қарапайым түрі күзде нарыққа шығады, ал қуатты нұсқа жыл аяғында өз иелеріне жол тартады. Кейін топтама ірі седан және универсалмен толығады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста