АВТОВАЗ Қытай экспансиясынан қорғауды сұрады

Батыс елдерімен қарым-қатынасын үзіп, санкцияға ұшыраған Ресейде жеңіл машина шығаратын ірі өндірушілерден АВТОВАЗ бен Haval ғана жұмысын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Зауыттың бір бөлігі Қытай моделі негізінде көлік шығаруға бет бұрды, мысалы, бұрынғы Renault зауытында JAC топтамасына негізделген кеңестік «Москвич» қайта жаңғырды.

 

Бос қалған нарық Қытай көліктерімен толыға бастады, АВТОВАЗ бұған қатты алаңдап отыр. Компания басшысы Максим Соколов елге кіретін жеңіл машинаға салық мөлшерін көтеруді ұсынды. Мұнда ол утиль алымы туралы айтып отыр.

 

«Коммерсант» басылымы хабарлағандай, Соколов АВТОВАЗ 2026 жылға дейін жаңа өнім шығаруға 60 млрд рубль бөлетінін айтты. «Бос қалған зауыттарға локализация деңгейі төмен автомобиль құрастыруға келіскен Қытай брендтері келіп жатыр, оларға кей жағдайда 2 млн рубль көлемінде мемлекеттік қолдау көрсету жоспарланған, олар біз көп ақша салып шығарған өнімімізді сататын нарықты жаулап жатыр», — дейді Соколов.

 

АВТОВАЗ өзі де осындай стратегиямен жұмыс істеп жатыр. Мысалы, жоспар бойынша компанияның басқаруына берілген бұрынғы Nissan зауытында Lada маркасымен Қытай көлігін шығады. Топ-менеджер бұл қадамға «аталған өндіріс орнын бәсекелестері алмауы үшін» барғанын айтады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста