«Автотор» шығаратын жаңа модель жайлы тың ақпарат

BMW, Hyundai сияқты серіктестерінен айырылған Калининградтағы «Автотор» зауыты Қытай көлігін құрастыратыны белгілі болған. Бірақ басшылар кәсіпорында нақты қандай марка шығатынын жасырып жүрді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Компания жақында үш брендпен келісімге келгенін, желтоқсанның ортасында жұмыс бастайтынын хабарлады.

 

Қазір 2023 жылдың қаңтары болды, «Автотордың» модельдік топтамасы туралы әлі ресми ақпарат жоқ. Бірақ олар байқамай жаңа өнімдерінің бірін көрсетіп алды. Жаңа жыл алдындағы акция аясында зауытқа балалар үйінің тәрбиеленушісі барады, жасөспірім көлік өндірісін көргісі келіпті. Сол кезде жарияланған фотосуреттен жаңа седанның салонын көруге болады, «Российская газета» оның қытайлық Kaiyi Xuandu екенін анықтады.

 

 

Аталған машина жайлы не белгілі? Төрт есікті седан көлемі жағынан Hyundai Elantra-мен шамалас, ұзындығы — 4666 мм, ені — 1825 мм, биіктігі — 1483 мм, дөңгелек базасы — 2700 мм. Xuandu механика не вариатормен жұмыс істейтін 156 ат күшіне (260 Нм) ие 1.5 литрлік турбомотормен жүреді. Салонда мультимедиа жүйесінің 12.4 дюймдік планшеті, ортасында үлкен дисплейі бар аспаптар панелі, алты қауіпсіздік жастығы, айнала шолу камерасы, жылытуға болатын орындық және басқа опциялар бар. Қытайда ол бюджеттік көлік саналады, бағасы — 67.8–93.9 мың юань (4.6–6.4 млн теңге).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста