Былтыр «Автотор» үш Қытай брендімен келіссөз жүргізіп жатыр деген ақпарат тараған. Қаңтарда Калиниградтағы кәсіпорын Kaiyi Xuandu седанын шығаратыны белгілі болды. Болашақта BAIC концернінің жол талғамайтын көліктері де қатарға қосылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
«За рулём» Kaiyi артынан BAIC және Dongfeng маркалы бірнеше модель конвейерге тұрады деп жазды. Директорлар кеңесінің басшысы Валерий Горбунов жергілікті мамандар седан, кроссовер және рамалы жол талғамайтын көлік жасайтынын айтты.
«Автотор» конвейеріне тұруы мүмкін модельдердің бірі — BJ40 Plus. Бес есікті Jeep Wrangler-ге ұқсайтын машинаны Қазақстаннан да табуға болады. Қытай автомобилі «америкалықтан» қысқа, ол 250 ат күшіне ие бензомотормен жүреді.
Ірілеу BAIC BJ80-нің де мүмкіндігі жоғары. Машина 280 ат күшіне ие 3 литрлік қозғалтқышпен жүреді. Агрегат 8 сатылы автомат қораппен жұмыс істейді. Көлік дизайны G-класты Mercedes-Benz-ті еске салады. Бұл модельдің аспан асты елінде шығып жатқанына он жылдан асты.