Автонесие алу қиындады

ҚР Ұлттық банкі 2022 жылдың III тоқсанындағы банктердің несие беру нәтижесін жариялады. 9 айда тұрғындар автонесие алуға 1 млн 221.2 мың өтініш беріпті. Бұл былтырғы ұқсас мезгілдегі көрсеткіштен сәл ғана төмен (—1.7 %), - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ал мақұлданған өтініш саны 22.9 %-ға төмендеді. Мысалы, былтыр 9 айда 168.9 мың азаматтың автонесие алуға берген өтініші мақұлданса, биыл олардың саны 130.3 мың ғана болған. Демек банк мақұлдаған несиелер үлесі 13.6 %-дан 10.7 %-ға азайды.

 

Ұлттық банк автонесие беру шарты қатаңдап кеткенін айтады: сыйақы мөлшерлемесі өсті және қарыз алушының төлем қабілетіне қойылатын талап күшейді. Оның үстіне көлік қымбаттап, азаматтар банктен сұрайтын несие сомасы да көбейді.

 

2021 жылдың III тоқсанында автонесиеге өтініштің орташа сомасы 3.08 млн теңге болған, ал биылғы 9 айда ол 4.21 млн теңгеге жетті.

 

Кей мәлімет бойынша жеңілдікпен автонесие беру желтоқсанның басында қайта басталуы мүмкін. Kolesa.kz редакциясы пайызы төмен автонесие нақты қашан берілетінін дер кезінде хабарлайды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста