Алматыда 8 жүргізуші 9 млн теңгеге жол ережесін бұзған

Алматыда  8 жүргізуші 9 млн теңгеге жол ережесін бұзған

“Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі 9 млн теңгеге жуық қаржыға жол қозғалысы ережесін бұзған 8 жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясының алдыңғы шептегі бөлімшелері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу іс-шараларын жүргізуде.

 

Көлік құралдарына жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнатқан, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген көліктерді анықтауға ерекше назар аударылуда.

 

Жалған нөмірлік белгі таққан және көлік құралын басқару құқығынан айырылған, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып, ірі көлемде қарызы бар көліктердің тізімдері жасақталды.

 

Сонымен қатар, полицейлер құқық бұзушылықты анықтаудың электрондық жүйесі “Сергек” пен “Қорғау – қауіпті жүргізуші” қосымшасы арқылы жол қозғалысы жағдайын бақылауда.

 

Тек осы айдың басынан бері жол қауіпсіздігі саласында 4 342 құқық бұзушылық анықталды және көлікті мас күйінде басқарған 44 жүргізуші ұсталды.

 

 

 

Автоматтандырылған ақпараттық бақылау жүйесінің көмегімен 716 автокөлік анықталды және ұсталды, оның 46-сы жалған тіркеу нөмірімен, 220-сы сақтандыру полисінсіз, 397-сі техникалық бақылаудан өтпеген, 47-сі мемлекеттік нөмірсіз.

 

Сонымен қатар, бұрын сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 7 жүргізуші ұсталды.

 

 

 

Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 62 автокөлік мамандандырылған тұраққа орналастырылды.

 

Сондай-ақ, жол ережесін жүйелі түрде бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау жұмыстары да жүргізілуде.

 

Ай басынан бері 9 млн теңгеге жуық айыппұлмен ЖҚЕ бұзған 8 жүргізуші ұсталды. Олардың көліктері айыппұл тұрағына қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста