Әлемдегі ең қымбат автомобиль брендтері

Әлемдегі ең қымбат автомобиль брендтері

Brand Finance консалтинг компаниясы аса қымбат брендтер рейтингін жариялады. Тізім әдеттегідей технологиялық компаниялардан құралған, дегенмен пандемия салдарынан біразының құны түскені байқалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы аса қымбат 50 марка тізіміне тек жеті автомобиль бренді кірді, топ жарған — Tesla.

 

Компания үлкен жетістікке жеткендіктен, Tesla бағасы бірден 44 % өскен, қаржы сарапшыларының есебінше ол 66.2 миллиард доллар тұрады. Бұл фирманың жалпы рейтингте 28-ден тоғызыншы орынға көтерілуіне ықпал етті. Автоөндірушілер арасында екінші орынды иеленген Mercedes-Benz былтырғы орнын сақтап қалды. Мамандар оны 58.8 млрд долларға бағалады.

 

Былтыр ешкімге дес бермеген Toyota биыл үздік үштікті түйіндеді. Барыс жылы компанияға көп қиындық әкеліп, бірнеше мәрте өндірісті тоқтатуға мәжбүр болып еді. Бұл марка құнына да әсер етіп, 52.5 млрд долларға дейін түсті (-18 %). Жалпы тізімде былтыр 12-сатыға тұрақтаған алпауыт биыл 19-орынды қанағат тұтты.

 

Алғашқы 20 бренд қатарына небәрі үш автомобиль маркасы ене алғанымен, жалпы тізімде BMW, Porsche, Mitsubishi және 47-орыннан көрінген Volkswagen бар. Сонымен қатар сарапшылар бағасы бірден 57 % өсіп, 10 млрд доллар құраған BYD маркасын атап өтті.

 

Ал құны 299.3 млрд долларға бағаланған Amazon былтырғы жеңімпаз Apple-ды шаң қаптырып, әлемдегі ең қымбат бренд атанды. Үшінші орында Google тұр. Осылайша, мықтылардың құрамы өзгеріссіз қалса да, орындары ауысты.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста