Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Айыппұл төле!» акциясы өткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері бес күн ішінде 12 көлікті айып тұрағына қойды.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары атқарушылық іс жүргізу қызметкерлерімен бірлесіп 21 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешегі бар 12 адамның көлігі арнайы автотұраққа қойылды», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.