Айыппұл, алғашқы тіркеу, утиль алымы және сақтандыру ақысы өседі

Айыппұл, алғашқы тіркеу, утиль алымы және сақтандыру ақысы өседі

1 сәуірден бастап АЕК мөлшері 4 %-ға жоғарылайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтемғе жасап.

Қаржы министрлігі 2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізу жобасын дайындады. Құжатқа сай жәрдемақы, әлеуметтік төлем, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткішті (АЕК) 3180 теңге көлемінде белгілеу ұсынылды. Қазір елде АЕК мөлшері 3063 теңгеге тең, демек ол 3.8 %-ға өседі.

 

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, АЕК 1 сәуірден бастап ретроспективті түрде өседі. Бірақ айыппұл, алғашқы тіркеу, утилизациялық алым және сақтандыру полисінің құны заң жарияланғаннан кейін ғана жоғарылайды (мүмкін мамырдан бастап).

 

Мысалы, ҚР Әкімшілік кодексінің 615-бабы бойынша жаяу жүргіншілерге салынатын 2 АЕК айыппұл (қазіргі ең аз айыппұл) сомасы 6126 теңгеден 6360 теңгеге өседі. Жүргізушілер жылдамдықты 10-20 км/сағ асырғаны үшін (5 АЕК, Әкімшілік кодекстің 592-бабы) енді 15 315 теңге емес, 15 900 теңге төлейді. Ал бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін салынатын айыппұл (10 АЕК ) 30 630-дан 31 800 теңгеге көтеріледі.

 

2022 жылға көлік салығы бұрынғы өлшем бойынша есептеледі — 3063 теңге (ҚР Салық кодексінің 492-бабы 3-тармағы).

 

Көлікті бастапқы тіркеу ақысының ең төмені (0.25 АЕК) 765.75-тен 795 теңгеге, ал ең жоғарысы (500 АЕК) 1 531 500-ден 1 590 000 теңгеге дейін жоғарылайды.

 

Утилизациялық алымның жаңа мөлшерлемесі әлі бекітілген жоқ, бірақ АЕК өскендіктен, ол да жоғарылайды. Өйткені алымды есептеуде қолданылатын базалық мөлшерлеме (50 АЕК) артады (153 150-ден 159 000 теңгеге).

 

Сонымен қатар сақтандыру полисінің құны да артады, себебі базалық сақтандыру сыйақысы (1.9 АЕК) 5819.7 теңгеден 6042 теңгеге өседі.

 

Айта кетейік, мұндай жағдай біздің елде 2020 жылы да болған. Ол кезде де 1 сәуірден бастап АЕК өсіп, соған сай барлық төлем мөлшері артқан еді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста