«Әдемі» нөмірді астыртын алу енді мүмкін болмайды

«Әдемі» нөмірді астыртын алу енді мүмкін болмайды

Заң бойынша көлік иелері арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында бар нөмірлер арасынан таңдау жасап, жоғары сұранысқа ие нөмір ала алады немесе бұрынғы машинасының нөмірін алу үшін біраз күтеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ел арасында VIP-санатқа жататын ерекше нөмір алудың амалы да жетерлік. Бұрын жұрт жолын тауып, 001, 777 секілді сандары мен бірдей әріптері барын алатын. Бірақ оны жоғары баж салығымен ресми тіркей бастағаны сол екен, сұраныс төмендеді. Ал көзге түсу үшін XAH, VIP, NUR сияқты әріптік таңба тағу сәнге айналды.

 

Арнайы ХҚКО мамандарының өтінімді қолмен толтырып, арасына ерекше сандар мен әріптік белгі қосып, кейінірек мақтанқұмарлар арасында қомақты сомаға сату мүмкіндігі болды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, сонымен қоса мемлекеттік нөмір беру мен оларды әзірлеуді реттеу үшін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жаңа ережелер жобасын әзірледі.

 

 

Құжатқа сәйкес әр филиалға келіп түскен мемлекеттік нөмірді дайындау мен есепке қою туралы өтінім ақпараттық жүйеде автоматты түрде жасалып, процеске адамның қатысуын толық шектейді. Мемлекеттік нөмір дубликаты мен жоғары сұранысқа ие нөмірлер Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Талдықорган, Тараз, Түркістан және Өскемендегі орталықтарға үш жұмыс күні, ал қалған аймақтарға он жұмыс күні ішінде жіберіледі.

 

Адами фактор туралы талай естігенбіз. Көлік техникалық байқаудан өткені туралы диагностикалық карта толтырғанда да адам қатыспайды-мыс. Автоматика арнайы орталықтың пысық мамандарын жеңе ме, жоқ па, уақыт көрсетеді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста