3G-мен жабдықталған көліктер байланыссыз қалды

3G-мен жабдықталған көліктер байланыссыз қалды

Прогресс тіпті жаңа модельдердің мультимедиа жүйесіне кері әсер етті деп хабарлайды kolesa.kz тілшісі.

 

АҚШ-тағы ең ірі AT&T телекоммуникация компаниясы 22 ақпаннан бастап 3G ұялы байланыс желісіне қолдау көрсетпейді. Демек ақпараттық ойын-сауық жүйесі қазіргі 4G желісінде осы байланыс стандартымен жұмыс істейтін машиналар енді онлайн қызмет ала алмайды. Атап айтқанда, навигациялық карта деректері, SOS батырмасы, смартфонға қосылу мүмкіндігі және Wi-Fi модулі қолжетімсіз болады.

 

The Drive басылымының хабарлауынша, 3G өшірілгеннен кейін Audi, Lincoln, Porsche, Bentley, BMW, Acura секілді қымбат маркалардың кейінгі жылдары шыққан 100-ден аса моделі зардап шекті, тіпті жаңа шыққан модельдерге де әсер етті, бұл қатарда 2022 жылғы Honda Pilot бар.

 

Осыған байланысты 2015 жылға дейін шығарылған Tesla Model S электромобилі ақпараттық сервиспен қатар, АҚШ аумағында бағдарламалық жасақтаманы жүйелі түрде жаңартып отыру мүмкіндігінен де айырылды.

 

Автоөндірушілер қазір істен шыққан функцияларды қайта қалпына келтіруге тырысып жатыр. GM мен Honda зардап шеккен кейбір модельге сымсыз жаңарту ұсынды. AT&T комапаниясынан кейін биыл Mobile (Sprint) және Verizon секілді өзге операторлар да 3G-ге қолдау көрсетуді тоқтатады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста