300 ат күшіне ие «Нива»

Грекияда ерекше Lada 4×4 сатуға қойылды. Шеберлер машинаның жол талғамайтын сипаттамасын жақсартқан жоқ, бірақ классикалық «Ниваны» моторы 300 ат күшіне ие «спорткарға» айналдырыпты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Lada Niva-ның сырт пішініндегі басты ерекшелік — 22 дюймдік үлкен дөңгелек, одан Porsche тежеуіш механизмі бірден көзге түседі.

 

Жол талғамайтын көліктің әдеттегі бампері өзгеріссіз қалды.

 

Жаңа оптикасы толығымен жарықдиодты.

 

Алдыңғы бампер астындағы қуатты сырық пен ірі табалдырық қана «Ниваның» жол талғамайтын көлік екенін еске салады.

 

 

 

 

Аспасы туралы ақпарат жоқ, бірақ фотосуреттен түпнұсқа емес екені байқалады. 1.7 литрлік ВАЗ моторы үлкен өзгеріске ұшырады. Мысалы, көлемі 1.8 литрге артып, балама басқару блогы бар турбоүрлемді жүйемен жабдықталды.

 

Мотор екі түрлі отын тұтынады: сұйытылған газ (175 ат күші) және бензин (210 ат күші). Спорткар метанмен жүргенде мотор қуаты 300 ат күшінен асады. Зауыттық трансмиссиясы да өзгеріссіз қалды. Күші артқан қозғалтқыш 5 сатылы механика және бұғаттауышы бар толық жетекті жүйемен жұмыс істейді.

 

 

«Нива» спорткарының салонында бүйірлік тірегіші бар, былғарымен қапталған әдемі орындықтар назар аудартады. Артқы орындық та түпнұсқа емес. Сондай-ақ жол талғамайтын көлікке Pioneer медиажүйесі орнатылған.

 

 

 

 

 

Машина 2004 жылы шыққан, бірақ қайта жасалғаннан бері небәрі 4.6 мың шақырым жол жүріпті. Жақсарған Lada Niva 35 мың еуроға (37 мың доллар) бағаланып отыр.

 

Грекиялық «Нива» жақсы екені анық, бірақ Ресейде және Өзбекстанда әрленген көліктерге жетпейтін секілді. Моторы мен аспасын жақсартқанына қарағанда, тюнинг жасаған шеберлер машинаның техникалық жағына баса мән берген сияқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста